Барлық жаңалықтар

29 - 30.09.2017 «Түнгі Көбелектер»

Қадірлі театр сүйер көрермен! Ж.Шанин...

Оқы- бұдан әрі...

 
   
     

Біздің сайтымызға қош келдіңiз!

 
 

Құрметті театр көрермендері!

 

Қадірлі театр сүйер көрермен!

Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының ұжымы,театр тұлғасы ұлы режиссер ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Халық артисі, профессор Ерғали Сиябекұлы Уразимбетовтың рухына тағзым ретінде, режиссердің 2003 жылы сахналаған Әлсейіт Ақпанбеттің «Түнгі Көбелектер » драмасын қайта өңдеп ұсынады.

Бүгінгі күнді белінен басып қалғысы келіп, ардың ала жібін аттаған жан, өмір жолында зауалына ұшырарын ойлайды ма?!

Әлсейіт Ақпанбеттің «Түнгі көбелектер» драмасы – «барында оралыңның, ойна да күл»-ін мейлінше арзандатып, уақыттан амалын асырғысы келген аға буынның жеңіл жүрісті аңсағаннан туындаған қақтығысты оқиғасы, «жеңілдің асты, ауырдың үстімен» күн көруді меңгерген тәнін сатқан қыздар жайында. Қалтадағы ақшасының буына бөккен әкелер, елірген көңілін көтертпекке тапсырыспен шақырған кәнизәк, жақыны болып шықса қайтер еді?!

Азғындыққа ұшыраған адамдар, басынан кешкен сәттік ләззәті – тағдырына балта болып шабыларын білді ма?..

Міне, осындай сан-алуан сұрақтарға жауап іздететін драманың көрерменге берері мол болмақ.

Қойылымның режиссері - Е.С.Уразимбетовтың аяулы жары театр актрисасы Ақжарқын Нұртазина.

Қоюшы суретші - ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.

Театрдың көркемдік жетекшісі – Жұмабек Есимов.

4 қазан сағат 15.00, 17.00

7 қазан сағат 14.00 Қазақ театрында қауышайық!

М/ж. Нұрсәт м/а. Астана даңғылы 6.

Анықтама тел. 77-10-37, 77-10-43, 8 701 462 45 66